ИНЕМЕН ЕМДЕУ ЖӘНЕ ҚЫЗДЫРЫП ЕМДЕУДІҢ ТАРИХЫ
Инемен емдеу (Ине емшілігі, иглорефлексотерапия) - көне Қытай жерінде пайда болған. Қытайша Қыздыру емшілігі ине емшілігіне ілесе дамыды Б.Э. 220 жылдарынан бұрын негізінен ермен үймесімен емдейтін. Үйметарыдан жаңғаққа дейінгі үлкендіктерде болған. Оларды нүктеге қойып тұтатады. Б.Э. 265 жылынан бастап үймелердің астына жапырақтап туралған у сарымсақ, жемжеміл, ас тұзы, сары топырақ, жауын құрты сияқты нәрселерді қоятын "перделі қыздыру" пайда болды. Кейінірек ермен дәріні араластырған "дәрілі шылымы" пайда болған. Әзіргі кезде электр аспаптар мен қыздыру, күн нұрымен қыздыру секілді жаңаша әдістер де жарыққа шықты. Көне әдістер: ЧЖУН Чю ДЖАН ГО дәуірі /Б.Э. дейінгі 722-221 жж/: "Қол-аяқтың он бір тарамы" мен "ИН-ЯН он бір тарамы" атты әдебиеттер әзірге дейін сақталған ең ертедегі ине емшілігі туралы кітаптар болған. Осыдан көп ұзамай Қытай медицинасының классикалық шығармасы, ине емшілігінің назарияларымен қолдану туралы білімдер молынан қамтылған, 18 том 162 тараудан тұратын "ПАТША БАЯНЫ" /ХУАН ДИ НЭИ ДЖИН/ шығыс ХАН патшалығы тұсында жазылып шықты. Оның "ЛИН ШУ" атты бөлімінде емдік нүктелер, тарамдар, диагноз қою белгілері жіне әртүрлі сұрақтар жіңікелікпен баяндалып ине емшілігінің дамуына төтенше үлкен негіз қалаған. ДЖИН ТАН дәуірі /Б.Э.Д. 265-907 жж/ Батыс ДЖИН патшалығы тұсында өмір сүрген әйгілі емші, тарихшы Хуаң Фу дың "ИНЕНІҢ БІРІНШІ-ЕКІНШІ БАЯНЫ" /ДЖЫНЦЗю ДЖЯ И ДЖИН/ - тек қана ине емшілігін негіз еткен тағы бір рет жүйелі түрде жинақталған еңбек болды. Ал ТАН патшалығы /618-907 жж/ тұсындағы қытайдың дарынды емшісі СУН СІ МАУ дың "МЫҢ АЛТЫН РЕТЦЕП" /ЧЯН ДЖИН ФАН/ атты әдебиеті 60 томнан тұрған. Бұл кітаптарда Джын-цзюдың үш парақ ілме суреті, суретте классикалық тарамдар мен 8 ғажайып тарамдар әртүрлі түстермен айқын көрсетілген. Оның тағы бір үлкен үлесі денелік "цун" өлшемі мен А-Ш нүктесін /басқанда ауратын орын/ тапқырлауы болды. СОң ДЖИН юАН дәуірі /960-1368 жж/ 1026 ж СОң патшалығының инемен емдеу саласының төрағасы болған Ваң Вэй И " Мыс адамның ине нүктелері суруті" атты үш томдық әдебиет жариалаған, көптеп басылып таратылған. Оқу құралы етілген. 1027 ж соның жобалауымен екі Джын-цзю мыс адамның мүсіні жасалды. Ол адам бойымен бірдей болып, таза мыстан жасалды. Ішкі ағзалары толық, денесімен ағзаларын ажыратып-қосуға келді, нүкте аттары алтынмен жазылып, нүктенің шіне су толтырылды да, сырты балауызбен бітелді, бастап үйренушілер нүктеге дұрыс шанши алса су ағып шығатын ал дәл болмаса ине кірмейтін болған. Бұлар қытайдағы ең ертедегі мыс адам мүсіндері еді, өкінішке орай екі мүсінде жоғалып кеткен. МИН ЧИН дәуірі /1368-1911 жж/ МИН патшалығы кезеңі ине емшілігінің алтын кезеңі болды. Атап айтарлығы Яң Джи Джоу-дың "Джын Цзю Да Чжың" атты еңбегі болды. Ол "патша баяны" мен "Бірінші -екінші баян" нан кейінгі Джын-цзюға тағы бір рет жан-жақтылы қортындылау болды. Бүгінгі күнге дейін дәстүрлі ине емшілігін үйренудегі маңызды пайдаланба материалы есептеліп келді. 1949 ж-дан бастап ине емшілігінің жаңа заманы басталды. 1951 ж Пекинде құрылған институт 1955 ж дәстүрлі қытай медицинасы академиясы болып өзгертілді. Ал джын-цзю оның маңызды құрамдас бөлігі болды. Әр дәрежелі емханалардың барлығында Джын-цзю бөлімі құрылды. Медициналық жоғарғы оқу орындарында айрым дәріс ретінде жүргізілді. Ел іші-сыртында инемен емдейтін аурудың түрі 1116-ға жетті. Нәтижесі төтенше жақсы болған ауру түрлері 100 ден асты. 1971 ж 18 тамызда инемен жансыздандыру/наркоздау/-дың сәтті болған хабары дүниеге жариаланғаннан кейін осы тәсілмен жасалған операция саны 2 миллионнан қолдануға болатын ауру түрі 100 ден асты. Оның әртүрлі тәсілдеріне қазіргі озық техникалармен тіптіде терең ізденістер жасалып, көнемен жаңа шығыспен батыс араласқан ғылымды негіз еткен, әрі көне әрі жаңа дербес сала ретінде бой көрсете бастады. Джын-цзюдың халықаралық таралымы: Джын-цзю емшілігі қолдануға қарапайым, қауіпсіз, игеруге оңай болғандықтан, тым ертеден-ақ шет елдерге тарай бастаған-ды. Қазір дүниенің 120 дай мемлекеті мен аймақтарында өздерінің жұмыс жүргізіп жатқан Джын-цзю емшілері бар 55 мемлекетте осы емшіліктің ғылыми ұйымдары құрылды, көптеген елдердің ішінде Жапония, Америка, ТМД /әсіресе бұрынғы Совет одағы/, Франциядағы даму қарқыны тез, зерттелу деңгейі жоғары болды. Б.Э. дың VІ ғасырында Қытайдың Джын-цзюы алдымен Жапон еліне тарады. |
|||||
А.Д. |
|||||